01.06.2022
146
Кеткенде көзі ілініп маужырап тым...
Кеткенде көзі ілініп маужырап тым,
Ұйықтатты бабаларды бауырына ап құм.
Тұсымнан зу-зу ағып өтіп жатыр,
Аштырмай адымымды арғымақ – күн.
Дән болып құмға егілсе мыңдаған тән,
Өтті деп айтып жүрміз бұл ғаламнан.
Жүз мың жыл...
бәлкім миллион жыл өткенде,
Дән-дене қайта көктер құмда қалған.
Су басып жатар, бәлкім, мыңдаған жыл,
Қайтадан құмға айналар құрғаған қыр.
Әйтеуір адам өсіп щығар бір күн,
Көмілген адам тәні құмнан һәр бір.