01.06.2022
122
Көшіп жатты, құм-ғаріп
Үйірі бұғы мүйіз сексеуілдің,
Бауырында күйсеп жатыр көшпе құмның.
Көрігін көктегі ұста басқан сайын,
Бауырынан ұшқын шашты төстемір – күн.
Көзінен сексеуілдің сұрғылт түсті
Кесіртке тамшы болып жылжып түсті
Мөлт етіп тамып түскен сол бір тамшы,
Өртеніп өліп-өшіп құмды құшты.
Шыққан соң құмбұлаудан – құмнан шоқтай,
Кесіртке сүйретілді тірі әруақтай,
Алды да адыраспанға аунап-аунап,
Жорғалап жөнеп кетті сұр жорға аттай.