01.06.2022
  143


Автор: Мақсат Әлсейітов

Ақша бұлт

Ақша бұлт, қайда ағасың?
Ежелгі Жейхундай жөңкіліп,
Аспанның арнасын толтырып.
Мергенді көре сап үрпиіп,
Дүркіреп қашқандай мың киік,
Барасың қай жаққа ылағып,
(Ылағып барасың, бұл анық!)
Жердегі пенделік мінезден,
Бір ерді мұқалтқан мың езден,
Жиіркеніп, ақша бұлт, бездің бе,
Сөйтіп сен аспанды кездің бе?
Төбемде аз ғана аялда,
Мұңыңды сен маған баянда,
– деп едім,
Ақша бұлт,
Солқылдап, солқылдап жылады,
Көз жасы үстіме құлады...
...Ақша бұлт, ақша бұлт, ақша бұлт,
Тезірек төбемнен өтші ағып!





Пікір жазу