01.06.2022
110
Атшабардың аспанын мұнар басқан...
Атшабардың аспанын мұнар басқан,
Алтын күнім, қайдасың тұманды ашқан!
...Жетімсайдың бойында ойға баттым.
Құпиясын ғұмырдың ұға алмастан.
Жетімсайдың бойында жетім ауыл,
Ойлысы – ақымақ, ойсызы тақуа кіл.
Сұр есегі китіңдеп жол бермейді,
Құрық ұстар ұлы жоқ аты жауыр.
Жетімсайдың қырында гүлдер өсті,
Жұламын деп гүлдерді бір жел есті.
Желге қарсы кеудемді тосып едім,
Қаңбақ денем гүлдермен бірге көшті.
Көз аштырмас дүлей бір боран соқты,
Жылдағыдан бұл боран жаман соқты.
Қызыл гүлін қызылдың тұншықтырып,
Жіберді ғой қаулатып арам шөпті.
Жантақ өсті гүліме шырматылып,
Тамағына тырнағын тұр батырып.
Ренішпен...
Гүлге өмір тіледі іштен,
Атшабардың аспаны мұңға тұнып.