01.06.2022
  109


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Ей, Өмір!

Ей, Өмір!
Шырғалаң сырыңды бүктің бе,
Қажеті жоқ маған түктің де!
Ендігі еркіңе көнбеймін,
Жырыммен жанымды емдеймін.
Білемін,
Көңіл де желмейді,
Себебін ұққым да келмейді.
Безіп те жаңалық ашпаспын,
Үркіп те,
Қорқып та қашпаспын!
Қимайтын сəт те көп,
Əрине,
Жаңғыра берер-ау зар илеп!
Сеніммен аттайтын күзге де,
Ұрпақтың үмітін үзбегей!
Өкпесін тірліктің тепкілеп,
Ауыр да,
Дауыл да өтті көп.
Бəрібір,
Сауға да сұраман,
Əйтеуір,
Сен өзің тұр аман!





Пікір жазу