01.06.2022
  110


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Іздеп едім мен нені...


Іздеп едім мен нені,
Неге күдік дендеді?!
Жоғалттым ба,
Таптым ба,
Жүріс мынау...
Сенделіп?..
Ұғу қиын пендені,
Төрт құбыла тең бе еді?!
Адастым ба,
Жеттім бе,
Күтіп едім мен нені?!
Кімді уақыт емдеді,
Нені өзгеріс жөндеді?!
Ешнəрсе де,
Ешкім де,
Жеңілген жоқ,
Жеңбеді.
Тосып жүрмін мен нені?!.






Пікір жазу