01.06.2022
110
Жалғыз жұлдыз мұңаяды көкте де...
Жалғыз жұлдыз мұңаяды көкте де,
Беу, дүние-ай,
Кім қиды оны өкпеге?!
Аз күншілік,
Алдамшы бұл өмірдің,
Аярлығы жоқ деме!
Жалғыз шырақ...
Жағады əрі үмітті,
Сенгендейсің...
Төзіміңді түбіт қып.
Атар таңды күтесің-ау,
Бірақ та –
Келешегің күдікті...