01.06.2022
  100


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Қазақта ақын жетеді...

Қазақта ақын жетеді,
Сөзімен сана сілкіген.
Малынып мұңға етегі,
Жеріген жалған күлкіден.
Сұлулық қана сертіндей:
Істегі,
Ойда,
Бойдағы.
Азаттық жоқ па еркінде,
Кеткені жақсы қой бағып!
Тірісі-дағы...
Озғаны,
Қоғамның мінін түзейді.
Заманның өзі ожданын,
Ақынға қарап түзейді.
Жақтыра қоймас билік те,
Қамшылап күнде жатқасын.
Илікпе, ақын,
Илікпе,
Құдайым өзі сақтасын!
Еселей түсер шаттықты,
Сейілтсе ақын күмəнді.
Баянды емес...
Бақ, тіпті,
Ақынсыз өмір тұманды...





Пікір жазу