01.06.2022
  140


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Өмірің не

Өмірің не –
От-алау,
Өлімің не –
Түнек түн.
Екеуі де қатал-ау,
Сол екеуін күзеттім.
Бірі –
Үміт үзілмес,
Бірі –
Күдік күйретер.
Бір-бірінсіз түзілмес,
Бірін бірі үйретер.
Жүрек қана қарысып,
Тулайды да...
Шаншиды.
Кеуденің де тары шын,
Тіршілік кеп жаншиды.
Жағдай...
Тіпті, тағдыр деп,
Тірнектеумен өтесің.
Қонбаса да бақ-дүрмек,
Қаламайсың төтесін...
Алла ғана ақиқат,
Мойның мəңгі құрықта!
Бар жол бастар бақиға,
Аяқ – табалдырықта...





Пікір жазу