01.06.2022
  131


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Дерексіз күндер дөңгелеп...

Дерексіз күндер дөңгелеп,
Сағымға сіңіп жатқандай.
Туған Ай – тілім əңгелек,
Беймезгіл кезде батқандай.
Дүрліккен нөпір анталап,
Асыға шеру тартады.
Ұмтылса-дағы жан сала,
Кешігіп қалу бар тағы.
Таласа таңмен түртінген,
Адамдар бейне құмырсқа.
Құлтемір болып...
Біртіндеп,
Құнығып алған...
Жұмысқа.
Кеңсеге жету қиын-ақ,
Басталар тірлік осылай.
Күн кешкен соқыр тиынға,
Не дейін саған,
Досым-ау?!
Ұқсатпай жүрсек ұят-ты,
Қайтеміз жұртқа соқтығып?
Көшенің бойы сияқты...
«Тығынсыз» тағдыр жоқ бүгін.





Пікір жазу