01.06.2022
  93


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Күйініш

Қанды іңірде жалауын желбіретіп,
Жүрегімді тырналап,
Елжіретіп,
Сағынышым қошқыл бір кешке айналды,
Жанарымда моншағын мөлдіретіп...
Көңіл-пернем келмейді...
Бұрағанмен,
Бақытты ешкім бермейді...
Сұрағанмен.
Сағынышым зарлы бір желге айналды,
Бұрылмайтын бұрқырап жылағанмен...
Алып қашқан арманым биіктерге,
Түн қойнына құйылған киіктер ме?!
Сағынышым кеудемде басылмайды,
Тағы да ішім өртеніп...
Күйіп демде!
«Нұр жауады –
Деуші еді,-
Талапты ерге»,
Арман да жоқ,
Жоқ енді талап менде!
...Көкірегімді кеулеген күйінішім,
Басылмайды шермен де,
Шараппен де...





Пікір жазу