meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.06.2022
  156


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Ұят-ты!

Ардақты еді алтыннан,
Əр азамат талпынған,
Көпе-көрінеу кейде мен –
Ұяламын Салтымнан,
Шөре-шөре қалпымнан.
Сөзге ғана ілінген,
Күс табаны тілінген,
Көпе-көрінеу кейде мен –
Ұяламын Тілімнен,
Бодандығы білінген.
Жон терісі жауыр да,
Сор денесі ауырған,
Көпе-көрінеу кейде мен –
Ұяламын Ауылдан,
Ауылдағы қауымнан.
Азаттыққа сенгенмін,
Пенделікті жеңгенмен,
Көпе-көрінеу кейде мен –
Ұяламын Теңгемнен,
Жұрт доллардан кем көрген.
Жүрегімнен мұң ақты,
Таусылмайтын сияқты...
Тізе берсең бірақ та –
Ұяттан да...
Ұят-ты...





Пікір жазу