01.06.2022
  103


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Түнерді тағы да аспан...

Түнерді тағы да аспан,
Тек қана үміт-сəуле жылт-жылт еткен.
Кім білген еңсе басқан,
Күңгірттеу көңілім бе бұлт боп кеткен?
Жөңкілдің қай жаққа енді,
Кеттің-ау жай таба алмай сен де бір күн.
Қозғадың қаймақ-шерді,
Өтпек пе, əлде солай пенде шіркін?!





Пікір жазу