01.06.2022
  118


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Сыр да...

Сыр да,
Жыр да,
Тіпті, қыр да самғайды,
Ағып түскен жұлдыздай!
Күн бе,
Түн бе,
Мейір мүлде қанбайды,
Тірлік мойын бұрғызбай...
Өң бе,
Түс пе,
Бітер іс пе – білмеймін,
Жанғым келер жасындай!
Елес
Емес,
Нақты белес – тағдырыма күл мейлің,
Күткен əр күн – ғасырдай...
Бақ та,
Тақ та,
Бар атақ та алдамшы,
Баста мəңгі тұрмаған.
Келер,
Кетер,
Сөйтіп өтер жалған бұл –
Шарасыздық шырмаған...





Пікір жазу