01.06.2022
  145


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Тағдырымның тергейтінін білсем де...

Тағдырымның тергейтінін білсем де,
Сұрағанды бермейтінін білсем де;
Жылағанды көрмейтінін білсем де,
Жыр қанатын сермейтінін ұққанмын.
Қоңыртөбел күнкөріспен жүрсем де,
Тектілермен тым көріспей жүрсем де;
Шың-құзымды шын бөліспей жүрсем де,
Түбі елімнің тыңдайтынын ұққанмын.
Шабытымның шыңдайтынын сезсем де,
Талабымның тынбайтынын сезсем де;
Таланымның жырлайтынын сезсем де,
Сағымның да сынбайтынын ұққанмын.
Күнделікті думандардан безсем де,
Сол думанды қуғандардан безсем де;
Кейде-кейде...
Туғандардан безсем де,
Уа, жақұтжыр,
Сені іздеп шыққанмын!





Пікір жазу