01.06.2022
  116


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Тағы да əйел алдайды....

Тағы да əйел алдайды:
Атақты бол деп,
Беделді.
Маған – жан,
Оған – мал қайғы,
Күндерің кілең кедергі.
Сезімің сенің бес тиын,
Құлтемір болсаң – қолайлы.
Деп едім назын естиін,
Көңілімді əр сөз…
Тонайды.
Жақынның мына күйінен,
Жүйкемді жеймін жегідей.
Күйінем іштей,
Түйілем,
Шегіне берем,
Шегіне…
Жеңілу емес ол бірақ,
Алайда ұғар жан қайда?!
Кететін безіп –
Жол жырақ,
Жырақ жол мұрат таңдай ма?!
Сонымен…
Соңын күтесің,
Қажет пе сол бір құрмалдық?!
Төзімнің түгін түтесің,
Үміт пе,
Үміт – жүр қаңғып…





Пікір жазу