01.06.2022
  113


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Əлдилеген асыл əн

Қосылғалы сағынысқан сыңар мұң,
Елгезектеу болып кеткен шығармын?
Екеумізден басқа оны ұғар кім?!
Сол бір сəтті өмір бойы аңсаған,
Қосағына қосыла алмай қанша жан,
Жалғыз аққан жұлдыздардай самсаған?!
Бəлкім біреу өте шықты қасымнан,
Тамшы теріп жанарымнан жасыған,
Селдей-селдей арнасынан тасыған?!
Несіне оны..
Əрі кімнен жасырам?
Мен өзіңе,
Тек өзіңе асығам,
Жан-жүректі əлдилеген асыл əн!





Пікір жазу