01.06.2022
122
![](/uploads/shorttexts/author_image/52066608fac3718860a04db6b4eea515.jpg)
Сезім шіркін жүйріктей жосылғанда,
Сезім шіркін жүйріктей жосылғанда,
«Болмайды» дегеніңе бас ұрған ба?
Сүйдік десіп,
Күйдік деп,
Өліп-өшіп,
Алды-артына қарамай қосылған-ды.
Тауқыметі тірліктің –
Шар тасы да,
Батпаған жан білмейді арқасына.
Махаббаттың қайығы быт-шыт болды,
Тұрмыс-таудың…
Соғылып жартасына!