01.06.2022
  120


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Өмiр – өзен, өрекпiп...

Өмiр – өзен, өрекпiп,
Толқындаған,
Ешкiмге де,
Ешқашан ол қыңбаған.
Шарасыздан ширығып ақын отыр,
Шым еттi ме жүрегi солқылдаған?!.
Талпынады тербетiп асыл үмiт,
Жыр жазуға жаңа бiр,
Ғасырды ұғып.
Жасыта ма жiгерiн жалын атқан,
Əдiлетсiз кезеңнiң тасырлығы?
Көңiл шiркiн – көк кептер,
Көкке ұшады,
Еске түсiп есiл шақ тектi сағым.
Қанын қуып,
Қиялын қайрай ма, əлде,
Мəңгi сөнбес сезiмнiң от құшағы?!.
Құмар қанбай,
Құлықсыз қарап қана,
Алдындағы бейкүнə параққа да.
Шарасыздан ширығып ақын отыр,
Шақыра ма шабыт боп шарапхана?!





Пікір жазу