01.06.2022
101
Түнекке тереңдеп барады...
Түнекке тереңдеп барады,
Үмiтсiз екi өмiр...
«Егескен».
Өйткенi жүректер жаралы,
Куəсi бiр өзiң емес пе ең?!
«Күнəһар» сезiмдер сабылып,
Табылып көңiлдiң көгiнен.
Құмарлық өртi де қағынып,
Жамырап жұлдыздай…
Төгiлген.
Ұшқынды үрлесе – қауышу,
Қоштасу – сөндiрiп жалынды.
Мүмкiн бе лəззатты тауысу,
Кiрпiктер шықтарға малынды…
Досым-ай,
Осылай өтпек пе,
Ғашықтық ғұмырдың ғасыры?
Бұл шақты қалай деп сөксек те,
Сəулелi сəттер ғой,
Асылы?!
Арасы алшақтап барады...
Жақындау үшiн де,
Өмiрге.
Қан жұтып жүректер жаралы,
Жас болып жырақта…
Төгiлдi…