01.06.2022
131
Патша
Патша,
Уəзір,
Бастық та,
Жоқтықты ешкім жоймаған:
Ашкөзденіп аштық та,
Тоқтық та еш тоймаған.
Жаралғалы Жер-ана,
Жауыздық та жалғасқан.
Жарағы да кереғар:
Алақан мен алдаспан.
Айтудайын айтылды,
Бірақ одан қайран жоқ.
Қиянаттар жай тілді,
Ізгіліктер ойран боп.
Нысапсыздық төлдеді,
Қысыр қалып қанағат.
Біздің қолдан келмеді,
Келешекке аманат!