01.06.2022
152
Бір тамшы жас
Бір тамшы жас тұр үзілмей,
Өксіктің – терең мəніндей.
Жаңбырлы күздің жүзіндей,
Тағдырдың ащы дəміндей.
Бір тамшы жас тұр мөлдіреп,
Шөптегі шықтай шашып нұр.
Жүректей жүдеп,
Елжіреп,
Айтылған сырдай ашық бір…
Бір тамшы жас тұр…
Жақұт-дүр,
Көрмеуің мүмкін емес те.
Шалғайдан шолып бақыт жүр,
Сағымдай,
Ессіз елестей.
Бір тамшы жас тұр…
Құлайды-ау,
Кетеді-ау сызып бəрін де?!
Жылайды-ау жаның,
Жылайды-ау,
Сананы сорып,
Зар илеп?!.