01.06.2022
  120


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Күз

Күз.
Іңір.
Тұман тербелген,
Мұңымдай менің мұнартып.
Естелік өрер белдерден,
Сырыма сартап құмартып.
Ағаштар қалған тығылып,
Перденің бозғылт торына.
Тұрады ойым...
Жығылып,
Қарайды сосын қорына.
Жол да жоқ,
Ол да...
Жоқ, мүлде,
Кетеді көңлің бошалап.
Сайрамас құс та көп тілде,
Үй де жоқ,
Күй де – хош алар.
Ешкімді, əсте қумайсың,
Қашпайсың-дағы ешкімнен.
Тек жүрек болып тулайсың,
Ғашықтың дертін…
Кеш білген...





Пікір жазу