01.06.2022
120

Арғымақ – арынымен...
Арғымақ – арынымен,
Жастық шақ – жалынымен,
Хас талант – дарынымен
Дараланар;
Еңселi ел – ұлығымен,
Өсер мал – түлiгiмен,
Естi қыз – қылығымен
Сараланар.
Бiткенi – əдiбiнен,
Күткенi – кəдiгiнен,
Тəрбие – тəлiмiнен
Көрiнедi;
Үлгiге – жас иектер:
Кадiрiң – қасиет боп,
Өнегең – өсиет боп
Өрiледi…