01.06.2022
160
Сайқалдық дерті сананы тіліп...
Сайқалдық дерті сананы тіліп,
«Батысты» бізге лақтырды.
Сүйкімді сезім сағымға сіңіп,
Сүреңсіздері сап құрды.
Билейді жастық селкілдеп,
Тала,
Зердесін қысқан қылбұрау.
Жайқалып тұрған желкілдеп қана,
Əдепті мазақ қылдық-ау!
Салтымнан сəнді қадір кетіп бір,
Діңкелеп тұрмын,
Аш жүріп.
Жапонды əне ұлы ел етіп тұр,
Сақталған тіні – дəстүрі.
Əрине, кең-ақ көсілген ғалам,
Дала ғой сенің мекенің.
Адаспай тұрып біліп ал, балам,
Құбылаң қайда екенін...