01.06.2022
255
7-монолог
Сөкпеңізші, өтінем,
Ағат бассам,
Мына тұста ой қажып,
Тағат қашқан.
Бір күн дауыл көңілім,
Бір күн жалын,
Өзімді де ұға алмай жүрмін, жаным!..
Шаттансаңыз шырпы боп шағыламын,
Тынысымды торлайды…
Тағы да мұң.
Күнбағыс боп мен Сізге телміремін,
Еліттім-ау,
Езілдім,
Елжіредім...
Кім біледі,
Жұлмалап жүректі де,
Сезім селі Сізді де жүдетті ме?!
Кірпігіңіз ақ таңды күзетті ме,
Сағыныштың сазды əні үдетті ме?!
Түсініңіз...
Жанымның толғанысын,
Мəңгілікке Сізге жұп болғаны үшін!
...Өзіме аян отыңызға күйетінім,
Тек бір нəрсе талассыз –
Сүйетінім!