01.06.2022
165
3-монолог
Сізсіз, жаным, қазір мен:
Мөлдіреген көктемге де,
Елжіреген кештерге деЕш сенбеуге əзірмін.
Сізсіз, жаным, қазір мен:
Бұлаққа да сыңғыр үн,
Құраққа да мың бұрым –
Еш сенбеуге əзірмін.
Сізсіз, жаным, қазір мен:
Үмітке де үзілмес,
Күдікке де көз ілмес –
Еш сенбеуге əзірмін.
Сізсіз, жаным, қазір мен:
Мұратына төзімнің,
Қуатына сезімнің –
Еш сенбеуге əзірмін.
Амал қанша...
Көнемін,
Бəсіңіз Сіздің биік тым!
Өйткені мен, сүйіктім,
Сізге ғана сенемін!!!