01.06.2022
138
Ақ көбiк айдын.
Ақ көбiк айдын.
Тағы да тұрмын жағада,
Аунаған жалға қараймын ұзақ қадала.
Көл төсiн сүйiп,
Өкпесiн түйiп самғайды,
Кеудемнен ұшқан шағала.
Айдынға қарап,
Ойымды тарап тұрдым мен,
Түсiнiк тауып, тұңғиық тартқан құрдыммен.
Кетедi самғап,
Жетедi жалғап жадымды,
Арайлы арман астаса берiп бiр мұңмен.
Тербейдi толқын,
Сермейдi ол тың қиялды,
Қиялдың өзi тербеле берiп жияр мұң.
Сан жетпес сырды сыйғыза бiлген, шалқар-ау,
Өзiмнiң мына кеудеме қалай сыярмын?!
Тыншымайды бiр,
Шарқ ұрады дүр шағала – ой,
Жалғайды үмiт,
Шалғайды үзiп ағады ой.
… Алайда айдын баса алмас мына мауқымды,
Арамыздағы…
Жарлауыт – мұңды жаға ғой?!