01.06.2022
  132


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Суреттен ұзақ қарады...

Суреттен ұзақ қарады,
Сыланған сұлу сол… үнсiз.
Күлкiсi саған ұқсаған,
Жансыз да,
Жат та,
Сезiмсiз.
… Бiр апта өттi өзiңсiз…
Күндердi күндер жалғайды,
Бiркелкi тiрлiк бұйығы.
Əрненi еске салады,
Сұлудың жұмыр иығы,
Көзiнiң назды қиығы…
Жатырмыз сол қыз екеумiз,
Бөлмеде шағын…
Бiр апта.
Сөз сөйлеп,
Тiл де қатпайды,
Жауап та бермес сұраққа,
Ал өзiң болсаң –
Жырақта…
Садағаң сенiң – ол сурет,
Оятты отты сезiмдi.
Талабы қатал тағдыр да,
Шыңдай ма солай
Төзiмдi?!
… Сағынып кеттiм өзiңдi!..





Пікір жазу