01.06.2022
126
Мазасыз жағдай..
Мазасыз жағдай,
Сыңарсыз қаздай сыңсыған,
Тарылып тыныс,
Өзімнен өзім тұншығам.
Ойымды тербеп,
Бойымды кернеп барады,
Сағым боп күлген,
Қона алмай жүрген ынтық əн.
Жігерім қайрап,
Қуатым қайнап құлшынам,
Қашанға дейін қинайды екен бұл шыдам?!
Толар ма екен,
Қонар ма екен асыл сөз,
Тыншығып бір сəт
Жалынды жыр да,
Жыршы да?!.