01.06.2022
119
Күзгі күн шерді тербетіп...
Күзгі күн шерді тербетіп,
Бұйыға түскен жер беті,
Малынып мұңға келбеті.
Керімсал күндер шегінген,
Шанаға аттай жегілген,
Желтоқсан тыста тебінген.
Жапырақ-жүрек тапталған,
Жалаңаш қалған бақтар да,
Жəудірей қарар қапталдан.
Көбесі көктің сөгілмей,
Бұлт өтіп жатыр төгілмей,
Қоңырқай тартқан көңілдей…