01.06.2022
119
Ей, Көңiл!
Ей, Көңiл!
Адым жазып сен де шаппай,
Шырағын шабыт-шамның мен де жақпай,
Ерiксiз сенделемiн ертелi-кеш,
Мұңымды мұңдасатын пенде таппай.
Ей, Өмiр!
Қиын едiң өзiң неткен,
Тарихтан оған талай көзiм жеткен.
Тəлiм-дi сенiң салған сара жолың,
Бұл айтқан менiң ғана сөзiм деп пе ең?!.
Сананы сансыратқан iштей сұрау,
Арбаған алауыздық күштей мынау.
Лоқсытып ет-жүрегiн ел-жұртымның,
Заманның запыраны түспей тұр-ау.
Əр ойым iсiмменен жарасатын,
Үлгiсi алты қырдан əрi асатын.
Түтiнiн тiрлiгiмнiң түзетердей,
Пайымға пəтуа бер,
Парасатым!