01.06.2022
126
Арада асу бар…
Арада асу бар…
Бəрі шын,
Тек, құлай сүйгенім неге мін?
Сезімім жаныңа дарысын –
Үш тілек айтайын деп едім:
Бірінші:
Нəресте сезім де,
Өтірік өрекпи алмайды.
Кездесе алмадық кезінде,
Ертеңді нық сенім жалғайды.
«Сүйемін!» дедім бе мен егер,
Сезіксіз сене гөр,
Сене гөр!
Екінші:
Əр таңды қарсы алып,
Кірпігін қақпаған көзіммен;
Ойлаумен өзіңді,
Тамсанып,
Сөйлесіп жүремін өзіңмен.
«Ұмыта алмаймын!»
Дедім бе мен егер,
Сене гөр,
Сене гөр!
Үшінші:
Түсінші,
Түсінші…
Түсінші!!!