01.06.2022
  150


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Екеу едік жамылған мамық түнді...

Екеу едік жамылған мамық түнді,
Бақ іші бұлыңғыр-тын.
Аймаластық.
Назыңа қанықтырдың,
Тояттап…
Түнің тұрды…
Ауыздықсыз құмартам қылығыңа,
Сыйқырлы сəтті үзбеген.
Құшарлана қол созам тұнығыңа,
Баладай тəтті іздеген.
Сусып түсті түн-көрпе…
Қымтамадық,
Жоқпыз-ау байқаған да?!
Жана бердік алаулап,
Ынталанып,
Құштарлық шайқағанда.
Ұрлана,
Нұрланып ең,
Шуағыңа,
Сүңгігем шешіп белді.
Озды аңсар…
Ұшқын ұшқан тұяғынан,
Ұяңдық кешіккен-ді…
Аймалаймын алқына анарыңнан,
Мамырдың түні ұзақ-ты.
Тамып түскен тамшыдай жанарыңнан,
Жырақта жұлдыз ақты…





Пікір жазу