01.06.2022
  144


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Сонет

Жанымның нұрын сезгiң келе ме,
Ертегi елiн кезгiң келе ме?!
Iңкəрлiк дертiне төзгiң келе ме,
Тiрлiктен тұлдыр безгiң келе ме?!
Жан сарайымды көргiң келе ме,
Сезiмнiң селiн бөлгiң келе ме?!
Қос тағдырды өргiң келе ме,
Ғашық ғұмыр боп өлгiң келе ме?!
Махаббат жырын жыйғың келе ме,
Көкiрегiме сыйғың келе ме?!
Сағым-сезiктi тыйғың келе ме,
Мен үшiн бəрiн қыйғың келе ме?!
Неге айтып тұрмын мұны мен?
Сеншi онда маған, шынымен!





Пікір жазу