meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.06.2022
  132


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Айтылмаған сөзiмдi ұқсаң еттi, алтыным...

Айтылмаған сөзiмдi
ұқсаң еттi, алтыным,
Əлдилеген сезiмдi
мен де өзiңдей жалқымын.
Қамшыладым көңiлдi
арманыңа ерем деп,
Жеңдiм-дағы жеңiлдiм, –
батып кеттiм тереңге.
Бəрiн қиып сен үшiн
сезiмiңе өртендiм,
Жасын бүркiп, сел iшiп
сансыраймын: көрсең бiр.
Оңашада күрсiнем,
сағынамын тағы да,
Содан-дағы нұр сiңер –
бастасаңшы бағыңа.
Аңсау сенi бүгiнде
өмiрiме айналды,
Табысамыз түбiнде,
жаным содан жайланды.
Құштар көңiл желедi
келешекке шақырып,
Ал, əзiрше… келемiн
күтуменен аһ ұрып…





Пікір жазу