01.06.2022
  121


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Қыс

Қаңтар түні жауған қар,
Ақ көрпе боп төселді.
Бері өтіп баудан да,
Жауып қалды көшемді.
Сəукелелі сан ағаш,
Сəлем беріп тұр үнсіз.
Діңі ғана жалаңаш,
Бұтақтары бұрымсыз.
Əппақ əлем,
Əппақ қыр,
Əшекейлі келісім.
Үзілуге шақ қап тұр,
Электрдің желісі…
Көнбепті өзен ырқына,
Көк жолақ боп ағады əн.
Бозғылт тұман бұрқырап,
Қол бұлғайды жағадан.





Пікір жазу