01.06.2022
  98


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Жаз

Тарқамай қалған тойыңдай,
Айтылмай қалған ойыңдай,
Сүйкімді жүзін сүйдіріп,
Аптабы бəрін күйдіріп,
Жазың да өте шықты ма?!
Шалдырып өте шықты ма,
Кеп қалған күзден ықты ма?!
Ағып та түскен жасындай,
Аптығы қалып басылмай,
Оранған əлем жасылға,
Шашуы қалып шашылмай,
Жазың да өте шықты ма?
Жаңғыртып өте шықты ма,
Жазыңның назы мақты ма?!
Əйгілеп күз кеп қалғанын,
Жұмыстан білек талғанын,
Адаса берер арманың,
Өмірдің мына жалғанын –
Жазың да өте шықты ма?
Талдыртып өте шықты ма,
Пендесі соны ұқты ма?!





Пікір жазу