01.06.2022
  113


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Жүйкесін жеген...

Жүйкесін жеген:
У мен бал татыр,
Жас болсын, мейлі,
Кəрі ме;
Байлық,
Мəнсапты қайтеді ақын,
Азат қой оның бəрінен?!
Сарай да қажет емес-ау оған,
Онсыз да шексіз наласы.
Қайғысы оның –
Адам һəм қоғам,
Жер менен Көктің арасы.
Өмірдің өксіп сүртеді жасын,
Жарасын жазбақ болады сосын.
Тауға да,
Тасқа да соғады басын,
Жаудан да іздеп жанашыр досын.
Сіңіре беріп жанына шерді,
Тамшысын нəрдің сыйлайды жатқа.
Өзіне өзі қазады көрді,
Таңданыстарын түсіріп хатқа.
Көншімес көңлі жаһанды кезбей,
Жамылып жыртық шекпенін.
Əттең-ай,
Əттең, қалады сезбей,
Жүрегі жанып кеткенін…





Пікір жазу