01.06.2022
  121


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Хақ тағалаға мың алғыс айтам...

Хақ тағалаға мың алғыс айтам,
Жаратқаны үшiн қазақ қып!
Тағдырыма да тəубе деп қайтам,
Айналдым сенен,
Азаттық!
Əр таңнан қазір арайлап атқан,
Ғұмырыңды сенің тілеймін.
Өзің деп қана жыр қанат қаққан,
Сен барда ғана сүлеймін!
Əр күннің нұрын тілеймін тағы,
Өзіңсіз шаттық шалқыр ма?
Жұлдыз боп сенсіз түсермін ағып,
Жебедей көкке тартылған…
Тəуелсіз елмін,
Бостандық берік,
Керуенім-дағы келісті-ақ.
Ілесе берем,
Көшіңе еріп,
Бар менен зарды тең ұстап!…





Пікір жазу