01.06.2022
  117


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Түпсiз түндi ұйқысыз өткiземiн...

Түпсiз түндi ұйқысыз өткiземiн,
Шегiнбейтiн шындықтан шеп түземiн.
Қайран, Далам!
Мұңыңды қансыраған,
Қандай тiлмен жұртыңа жеткiземiн?!
Сарсаң қылмай, маза бер, о, нала-мұң,
Жүрегiмнiң түкпiрi – шер алаңы.
Қайран, Ауыл!
Зарыңды тамшылаған,
Қандай тiлде ұқтырып бере аламын?!
Емiп өстiк иiген сүтiн жердiң,
Сол табиғат бiзден не күтiм көрдi?
Қайран, Бiрлiк!
Тоныңды тоз-тоз болған,
Қалай ғана, япыр-ай, бүтiндермiн?!





Пікір жазу