01.06.2022
  122


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Заман қандай болса да...

Заман қандай болса да,
Адам қандай,
Демеу керек пендеге тапшылық барда.
Қуанышқа кірпіш боп қаланғандай,
Жүру үшін жолығып жақсылықтарда.
Азаттықты алдық деп айқайладық,
Əдібінде əр істің сыйындық па Арға?
Жұдырық боп жұмылу байқалмайды,
Қайтіп қарсы тұрамыз…
Қиындықтарға?!
Тірлігіміз де, іншалла,
Түзелді аздап,
Ынтымақ болмай ырыстың өтелуі –
Сын.
Ширыға беру міндет пе,
Үзіле жаздап,
Егемен ел боп еңсені көтеру үшін?!
Ес жиылмай елдікке тимес дəнеңе,
Асу көп алда алатын,
Жеңіс те мұнда,
Талпыну керек алыстарға
Жəне де,
Өркениеттің өр өлкесіне қоныстануға.





Пікір жазу