01.06.2022
115
Жаса өмiр!
Жаса өмiр!
Жаса күн!
Жаса мекен!
Тiршiлiктiң тiзгiнi тасада екен.
Пенделiкпен кейде мен санай қалсам,
Қажет нəрсем шашымнан асады екен.
Табиғат сол толысқан,
Əлi гүлдей,
Тұра бермек тiрлiктi шаңына iлмей.
Қажет нəрсем көп екен,
Қайдан бiрақ,
Орындала қояды бəрi бiрдей?!
Амал қанша,
Пендемiз өрекпiген,
Шақша басты қажытып керекпенен.
Бай өттi деп дəулетiн тiзбелеймiз,
Егiлмеймiз, неге, осы Ер өттi деп?!
Тiршiлiкте қажетiң бiтпейдi екен,
Бiтiрсiн деп ғұмыр да күтпейдi екен.
Ақ ниеттi,
Денi сау,
Басы аманды,
Өмiр өзi қажетпен үптейдi екен…