01.06.2022
114
Келсе-дағы
Келсе-дағы
Гүл-көктем бiзге тегi,
Бiлген едiм ызғарлы күз жетерiн.
Балдəуреннiң байлығын шашып жүрiп,
Сезбеппiн ғой сол күндер iздетерiн…
Iздетерiн сезбеппiн…
Қайран-ақпын,
Өтедi деп өр жылдар ойламаппын, –
Қатарында базардан қайтқандардың,
Еске алам деп елжiреп,
Аймалап мұң…
Өте шықтың…
Өрекпiп, қайран назым,
Бiрге кеттi өзiңмен сайран – жазым.
Тарыдайын шашылған шаттығым-ай,
Аққу болып
Айдынды айналмадың…
Айып етпе, серi кез,
Семсердейiн,
Құшағыңа тағы бiр енсем деймiн.
Кездеспесем қайтер ем жалыныңа,
Алғыс саған!
Несiне кемсеңдейiн?..