01.06.2022
  99


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Не болып кеттi бұл өмiр?

Сарсаңға түстi сан арман,
Ешнəрсеге ешкiм таңданбас.
Шалына ма екен жанарға,
Көзiнен жанның тамған жас?!
Жөңкiлiп жатыр жүрдек күн,
Тағатты түгел тауысқан.
Түсiнiп, құлақ түрмек кiм,
Жүректен шыққан дауысқа?!
Қадалып балта миыңа,
Шабылып жатыр тоғай да.
Қарның ашқан – қиын-ақ,
Рухани аштық оңай ма?!
Суалып, көзi тартылып,
Қуарып жатыр кең дала.
Жүректе жылу сарқылып,
Жыртылса жаның нең қалар?
Iзгiлiк қашан самғайды,
Əдiлдiң белi бүгiлмей?
Жандарды қалай жалғайды,
Обал мен сауап түңiлмей?!.
Барады қайда бұл өмiр?!





Пікір жазу