01.06.2022
  118


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Өгей өмір...

Өгей өмір,
Сен мені кіналама,
Күреспесе – бұл көңіл тына ала ма,
Тіреспесе – бұл жігер сынала ма?
Өгей өмір, сен мені кіналама!
Кіналама, кезеңге жете алмасам,
Сынама да бірді екі ете алмасам.
Қатарымнан қара үзіп кете алмасам,
Кіналама, кезеңнен өте алмасам!
Өзіңсің ғой қадамды бастырмаған,
Күнің бар ма көз шұқып,
Басқа ұрмаған?!
Ұлып қалған қандауыз қасқыр ма адам,
Өзіңсің ғой бағымды аштырмаған!
Ізгілікті іздегем іңір еміп,
Əділдікті іздегем күңіреніп.
Билікпенен байлықтың күшігі емен,
Қашанғы оның соңынан жүгіремін?!
Тек ешқашан соңынан түскен емен,
Ілтипат жоқ болған соң күшке деген.
Тектің аз да адамды төрге оздырар,
Күшігім көп балақтан тістелеген.
Түлкі болдың құйрығы бұлаңдаған,
Күлкі болдың сайқалдай сылаңдаған.
Таратамын жырымды жүрек жарған,
Бар дəулетім сол менің …
Құралмаған…





Пікір жазу