01.06.2022
  86


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Несіне өмір сүресің жана алмасаң...

Несіне өмір сүресің жана алмасаң,
Жану үшін жалындап жаралмасаң?
Тірлік деген түрмеден телміріп тек,
Əуезінен əр күннің нəр алмасаң,
Нəр алмасаң,
Сəуле боп таралмасаң?!
Талпынбасаң,
Алға озып алқынбасаң,
Адырнадай созылып,
Тартылмасаң.
Жақынға да жағасың- жарқылдасаң,
Айналаңа жағасың – сарқылмасаң.
Мойындайды жатың да қарқындасаң,
Алдыңда асу көрініп,
Артыңда – шаң.
Тағдырыңды тілдеме тəлтіректеп,
Сыбағаңды алуға салқындасаң.
«Көрермін, – деп,
– жазғанды пешенеме»,
Қиналғанда мұңыңды еселеме.
Қарекетсіз қасың да қимылдамас,
Талпынбай алдыңнан жол төселе ме?!
…Еселеме мұңымды,
Еселеме!





Пікір жазу