01.06.2022
152
О, туған жер!
О, туған жер!
Сенен əсте, iрi кiм?
Сен аманда сiрiмiн де тiрiмiн!
Дүние кең болғанымен,
Сен – жалғыз,
Мен – бiр ұшқын,
Көп ұлыңның бiрiмiн!
Саған деген сағынышым еселi,
Сезiмiмдi сабақтайды неше бiр.
Қарлығаштай қанатыммен су сеуiп,
Тарихыңды қазып кетсем кешегi.
Жыр арнасам қалдырмастан түгiңдi,
Көшке қоссам аудармастан жүгiңдi.
Пəк,
Сəбилiк парызымды арқалап,
Тiрлiгiңдi жазып кетсем бүгiнгi.
Қашан-дағы елеңдермiн сен десе,
Сенбесiншi,
Сенбегендер – сенбесе!
Алтын бесiк!
Несiн жүрем жер басып,
Ертеңiңе жырың болып енбесем?!