01.06.2022
  110


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Туған жерiм...

Туған жерiм,
Алтын бесiк – шаңдағым,
Қайда жүрсем сен есiмнен қалмадың.
Жыр-əн самғап,
Қиял жалғап жататын,
Тамылжыған таңдағы үн.
Болған шығар алаң күндер жасыған,
Болған шығар жалаң күндер тасыған?
Өмiр озып,
Көңiл тозып жатса да,
Саған ғана асығам!
Əлем көгiн шарлатқызған түндiгiм,
Жетем ұшып, үзiлмеген кiндiгiм!
Назы бəсең,
Сазы əсем келетiн,
Əнiндейсiң үндiнiң.
Өзiң едiң қанат берiп,
Түлеткен,
Сəби сезiм өңiрiне гүл еккен.
Қиял құшып,
Құс боп ұшып кетердей,
Сағынышым сапырылған жүректе…





Пікір жазу