01.06.2022
  161


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Ен дала...

Ен дала,
Көсiле түскен кең дала,
Дүрлiгiп дүние жатқанда,
Дүркiреп тұрдың сен ғана.
Күй-ағын,
Төсiңдi тiлген тұяғы,
Тұлпарды ойда тiрiлтiп –
Мүсiнiн мыстан құяды.
Бел – дөңде,
Жел болып жылқы желгендей.
Жалдары жалын атып бiр,
Дəуiрден озып келгендей.
Ақ маңдай,
Шетiнен ұшқын шашқандай.
Айтұяқ бейне аяқтар,
Тарихты жазып жатқандай!
Қара, əнi,
Жалғап тұр екi араны.
Менiң де көңiлiм көк дөнен,
Төсiңде заулап барады…
Арманым қанат қағады,
Көзден жас парлап,
Ағады.
Кең далам, сенiң болмысың,
Үмiттiң отын жағады.





Пікір жазу